Бенджамин Франклин Прежде чем советоваться с прихотью, посоветуйся со своим кошельком.

Ақмола облысында бала туу көрсеткіші жоғарылады


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында 2018 жылы 11267 сәбиге туу туралы куәлік берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әділет департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, өңірде некеге отырғандардың жалпы санының жартысынан астамы ажырасып кеткен екен. Мәселен, 2018 жыл ішінде 4640 жұп некесін қидырса, оның 2441-ә ажырасқан.

«Азаматтық хал-актілері жазбасы мәліметіндегі бір жағымды жаңалық, сәбилердің туу көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда, 4 пайызға артып, өлім саны керісінше 1 пайызға кеміген. Сөйтіп, өткен бір жылдың ішінде облыс тұрғындарының саны 3994 адамға көбейген. Тек еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесінде ғана 48 қыз бала мен 45 ұл бала дүниеге келген», — дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, тіркеуші органдар жаңа туған сәбилердің арасындағы ең көп таралған есімдер Арлан, Әмір, Ислам болса, қыздар арасында Айзере, Мәдина, Әмина есімдері жиі кездесетінін айтады.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-bala-tuu-korsetkishi-zhogarylady_a3487543”