Бенджамин Франклин Прежде чем советоваться с прихотью, посоветуйся со своим кошельком.

Атырауда алғашқы жылы аялдамалар пайдалануға берілді


АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырауда алғашқы жылы аялдамалар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала көшелерін кеңейту және қайта құру жөніндегі жобаның аясында аялдама кешендерін жаңарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге дейін 23 жаңа аялдама павильоны сатып алынып, олардың 7-і жабық және коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған.

4 жабық аялдама павильондары келесі аялдамаларда орнатылды — «Дина», «Теміржол вокзалы», сонымен қатар Вокзал маңы ықшам ауданындағы екі аялдама.

Бастапқыда үш қала көшесін — Владимирский, Баймұханов және Таймановты жаңарту және кеңейту жобасы аясында қалалық әкімдік жеті жабық павильон сатып алды. Олардың барлығы коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын болады деген болжам жасалды. Дегенмен, тек үш кәсіпкер өздерінің бизнес нысандарын аялдамаларда ашты.

Айта кетейік, тұрғындар тарапынан аялдамалар туралы шағымдар мен арыздар бірнеше рет түскен болатын. Сондай-ақ, көптеген тұрғындар бірнеше рет автобус аялдамаларында сауда жасау үшін жағдай жасау мәселесін көтерген. Бұл ыңғайлы және тиімді. Қазір халық үшін қажетті жағдайлар жасалған.



Жабық аялдама павильондарын «Арнаулыавтобаза» ЖШС бақылайды, қала тұрғындары 7.00-ден 21.00-ге дейін қоғамдық көлік жүретін уақыттарда осы аялдамаларда жылына алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы ауылдық округ әкімдерінің есептерінің бірінде «2019 жылы Атырауда 60 жаңа аялдама сатып алынады» деп айтқан болатын. Сонымен қатар, олардың 30-ы облыс орталығында орнатылады, қалған 30-ы ауылдық округтерде шоғырланады.




Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/atyrauda-algashky-zhyly-ayaldamalar-paydalanuga-berildi_a3497652”